Айға төртінші болып ұшқан Алан Бин өмірден өтті

Айға төртінші болып ұшқан Алан Бин өмірден өтті
Фото: images-free.net

Айға төртінші болып ұшқан ғарышкер – Алан Бин 86 жасында өмірден өтті. Бүгінгі күнде айға ұшқан 12 ғарышкердің төртеуінің ғана көзі тірі. Олар: Базз Олдрин (88 жас), Дейв Скотт (85 жас), Чарли Дьюк (82 жас) және Харрисон Шмит (82 жас).

Остин Бин Техас университетінде инженер мамандығын алғаннан соң алдымен флотта ұшқыш, кейін сынақтан өткізетін ұшқыш қызметін атқарады.

1963 жылы ол ғарышкерлер сапына қосылады. Кейін 1969 жылы айға қонған екінші экспедиция болып есептелетін "Аполлон-12" құрамында болды.

"Аполлон-12" экспедициясының айдағы миссиясының барысы түсірілген суреттер:

Т. Раушанұлы