Ғарышкерлер не жейді?

Ғарышкерлер не жейді?

Ғарышкерлер тамағын әзірлеу - қиын процесс. Оны ойлап табудан әзірлеуге дейін диетолог, инженер ғалымдар барын салады. Ғарышкер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болып, оңай сақталуы тиіс. 

Ғарышкерлердің рационы алғаш ғарышқа ұшулардан бастап 50 жылда талай өзгерістерге ұшырады. Адамдардың пайдалы тамақ, диета туралы көзқарастарының өзгеруі, ғылыми жаңалықтар ғарыш тағамының тенденциясының ауысуына өз септігін тигізді.

Осы өзгерістер, оған қоса технологияның дамуы ғарышкерлер мәзірінің өзгерулерін түсіндіреді. Мысалы 60 жылдары синтетикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдықтағы басты тренд - табиғи азық-түлік, көкөніс пен жемістер.

Ғарыш тағамы үшін оның сақталуы да үлкен рөл ойнайды. Салмақ пен кеңістік кез келген ғарыш аппаратында құнды дүние. Сондықтан бос орынды барынша тиімді пайдалану керек. Ғарышкер тағамдары барынша аз орын алатын әрі жеңіл болуы тиіс. Сондықтан инженер ғалымдар жылдан-жылға осы мәселені шешуге тырысуда. 

Алғашқы ғарышкерлердің тағамы

Ғарышта тамақ әзірлеу пеші 

Ғарышкерлерге табиғи тағамдар және тәттілер де береді 

Мұздатылған және қақталған ет тағамдары 

6

Шатл бағдарламасы ғарышкерлерінің тағамдары

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: mirfactov.com