"Facebook" ерекше қорғану әдісін енгізді

"Facebook" ерекше қорғану әдісін енгізді
Фото: nv.ua

"Facebook" әлеуметтік тармағы өз аккаунтына кіру үшін телефон нөмірін талап етпейтін екі факторлы аутентификация әдісін ұсынды. Енді өз нөмірін көрсетуді қаламайтын пайдаланушылар екі факторлы аутентификация тәсілі көмегімен аккаунттарына қандай да бір қауіп төнген жағдайда блоктауына болады.

Жаңа әдіс әлеуметтік желіге кіру үшін парольге қосымша ретінде код енгізуді сұрайды. Бұл сіздің аккаунтыңызды рұқсатсыз пайдаланушылардан қорғайды. Мысалы, кибер-қылмыскерлер аккаунтыңызды ұрлаған жағдайда да оларға әлеуметтік желіге кіру үшін қосымша кодты алу керек. Ал, код sms ретінде сіздің нөміріңізге келіп отырады.

"Facebook" пайдаланушыларына аутентификация кодын жіберуде мәтінді хабарламарды пайдаланады. Бірақ, хакерлер сіздің телефоныңызды бақылауға алса, аталған кодты өздеріне өткізіп алып, аккаунтыңызды бұза алулары мүмкін екен.

Естеріңізге сала кетсек, Facebook мұндай қадамға  Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген "Cambridge Analytica" ақпараттары үшін барып отыр. Олар әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басқа қатысты мәліметтерді тексеріп, арты үлкен дауға ұласқан еді.

Т. Раушанұлы