Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Цукерберг бір күнде 6 миллиард долларынан айрылды

Цукерберг бір күнде 6 миллиард долларынан айрылды

Цукерберг бір күнде 6 миллиард долларынан айрылды

Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг 19 наурыз күні 6 миллиард доллар ақшасынан бір күнде айрылып қалды. "CNBC"-дің мәлімдеуінше, Facebook акцияларының бағасы 19 наурыз күні 8 пайызға түсіп кеткен. 

Бұған себеп, демалыс күндері Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген «Cambridge Analytica» ақпараттары себеп болып отыр. Олар әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басына қатысты мәліметтерді тексерген. Осының салдарынан Цукерберг 6,06 миллиард доллар ақшасынан айрылып отыр. 

Ол «Bloomberg» статистикасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың төртінші сатысына жайғасқан. Цукербергтің алдында Джеф Безос, Билл Гейтс, Уоррен Баффеттар бар.

Facebook "Cambridge Analytica"-ға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып ақталып отыр. Осыған қарамай көптеген танымал адамдар, атап айтқанда, америкалық саясатшылар бұл дауға өз пікірін білдіріп жатыр. 

АҚШ Демократтар партиясының өкілі сенатор Марк Уорнердің мәлімдеуінше Facebook-тің саясаты "жабайы батыс" дәуірін еске салуда. Сонымен бірге, "Cambridge Analytica"-ға ақпараттарды "Global Science Research" фирмасының негізін салған өз қызметкерлері Джозеф Канселлор, Александр Коган жеткізіп тұрған. Хабарларға қарағанда, Facebook қауіпсіздік бөлімінің басшысы Алекс Стамос мерзімінен бұрын жұмыстан кетуі мүмкін.

0
Рейтинг: +2

Фото: infobae.com
Қосылған күні: 20 наурыз 2018, 18:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.