"Google"-дің ақылды күртесі арқылы такси шақыруға болады

"Google"-дің ақылды күртесі арқылы такси шақыруға болады
Фото: hitech.vesti.ru

2017 жылдың күзінен бастап "Google" мен "Levi’s"-тің смартфондарды басқаруға арналған "Jacquard" атты ақылды күртешесі сатуға шығарылған болатын. Сырт киім смартфондағы әуендерді басқаруға, қоңырауларға жауап беру мүмкіндіктеріне ие еді. Ал енді "Google" өзінің ақылды киіміне тағы да бірқатар функциялар орнатты.

Жаңадан қосылған функция такси шақыру, пайдаланушы тұрған орынды анықтау сияқты мүмкіндіктерге ие. Бағдарлама жаңаланған "Jacquard platform 1.2"-ге орнатылған.

Енді күртеше киіп жүретіндер "Uber"-ге жалғана алу, қозғалыс туралы ақпараттарды мобильдік бағдарлама арқылы оқуы мүмкін. Ақылды киім көлік 3 минуттық аралықта келе жатқандығы, тағы қанша уақытта келе алатындығы туралы мәлімет беріп отырады.

"Bose Aware" деп аталатын режим айналадағы дауыстарды пайдаланушыға құлаққап арқылы жеткізіп береді. Аталған функция әуен тыңдауға, машиналар мен адамдардың жақындап қалған дыбыстарын есітіп отыруға көмектеседі.

Күртедегі бағдарлама орнатылған құрылғы қуаты 1-2 күнге жетеді. Киімді жуу алдында құрылғыны шешіп алып қоюыңыз қажет. Осы жылдың күзінен сатылымға шығарылатын күртенің бағасы 350 доллар болады деп күтілуде.

Т. Раушанұлы