- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Google туралы...
Google туралы
"Зиян келтірме"
Google-дің ұраны
Кей санада "Гугл" сөзі "Интернет" терминімен бірге қалыптасып кеткен. Өйткені, әйгілі Гугл торабын қолданбайтын Интернет қолданушысы кемде-кем. Ал бұл жобаның авторлары қарапайым студенттер екенін бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін біз сіздерге осы және басқа да Гугл хақындағы қызықты деректерді әңгімелейміз.
Әйгілі Гугл жобасының авторлары: Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин. Google сөзі - онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді. Артынан бұл сөздің "googol"деп жазылатыны анықталды. Дегенмен, Google сөзі қолданысқа еніп кеткеннен кейін, әйгілі компания "Google" атымен аталып кетті.
Компания жұмысын 1998 жылдың қыркүйек айында бастады. Қазіргі таңда Google іздеу жүйесі - миллиондаған адамдардың көмекшісі. Бұрын Google басшылығы Yahoo компаниясына коммерциялық ұсыныс жасаған еді. Google-ды 1 000 000 $ сатпақшы болған жоба иелері теріс жауап алады. Алайда, 2005 жылы компанияның жалпы құны 80 000 000 000$-ға жетіп, жылдық табысы 1,5 млрд долларды құраған. Әлемдегі барлық интернет қолданушылардың 60 пайызы осы компанияның қызметіне жүгінеді. Бүгінде Google компаниясында 20 мыңға жуық адам еңбек етуде. Компания тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 2006 жылы болған. Сол кезде Google Youtube компаниясын 1,65 млрд долларға сатып алған болатын. Тіл ғылымын зерттейтін мамандардың пайымдауынша, әлемдегі ең танымал сөз осы Google боп тұр.
Google логотипінің авторы - Сергей Брин. Ал Гуглды мерекелік күндерде суретші Дениис Хванг безендіреді. Гуглдің Cmail пошта қызметі екі жыл бойы ішкі қолданыста тесттен өтіп барып, әлемдік қолданысқа ұсынылды.
Google программистері " 20% ережесі“ бойынша жұмыс істейді. Бұл ереже бойынша,олар жұмыс уақытының 20 пайызын өздеріне қызықты жобалар үшін пайдалана алады. Бразилияда өте танымал Оркут онлайн қауымдастығының сервисі осы жүйенің арқасында дүниеге келді. Бұл сайтты Гуглдың программисті жасап шығарған еді.
Гуглдың Сан -Францискодағы кеңсесіне барып келген блогшы Асхат Еркімбай былай дейді: "Гуглдың өздерінің Google Bus деген автобустары мен аялдамалары бар. Кеңсесіндегі орындықтар түрлі-түсті, асханасындағы подностары да түрлі-түсті. Кеңсе алдында қызметкерлер воллейбол ойнай алады. Гуглдың Mountai View-дағы кеңсесінде Рүстем есімді қазақ баласы қызмет етуде".
Суреттердің авторы: Асхат Еркімбай