Романтикалық кездесулерге арналған қосымша

Романтикалық кездесулерге арналған қосымша
Фото: vk.com

Netflix компаниясы "Қара айна" аталатын ғылыми фантастикалық сериал желісі бойынша Coach ("Жаттықтырушы") мобильді қосымшасын жасады.

Сериалдың эпизодында кездесуге келген жұп арнайы бағдарламаны пайдалану арқылы қарым-қатынастың қаншалықты ұзаққа созылатынын тексереді.

Егер сіз осындай әзілі аралас қосымшаларды сынап көруге жеңіл қарайтын болсаңыз, coach.dating сайтына кіріп, ондағы сілтемені жұбыңызға жіберіңіз. Функция жұмыс істеуі үшін, екі адам түймені бір уақытта басуы керек. Содан кейін жүйе сезім қаншаға созылатынын анықтап көрсетеді. Мысалы: 12 сағат, 3 апта немесе 7 жыл.

Осындай ермек сізге қызық болар ма еді?

А. Оралқызы