Бір тәулікте 14 миллион лүпіл жинаған сурет

Бір тәулікте 14 миллион лүпіл жинаған сурет
Фото: vk.com

Инстаграм әлеуметтік желісінде болмаған оқиға орын алды. Фотосурет алғаш рет  бір тәулікте 14 миллион лүпіл жинады.

Ол — атақты рэпер Трэвис Скоттың жаңа туған Сторми Уэбстер есімді нәрестесінің суреті. Сәби туған күні анасы түсірген суретті өзінің инстаграм парақшасына жүктеген. Мұның көпшілік үшін үлкен жаңалық болғанын жинаған лүпілі мен қалдырылған пікірлерден білуге болады. Осыған дейін ең көп лүпіл жинаған әнші Бейонсенің фотосуреті болатын.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанда инстаграм 2017 жылдың қорытындысын жасап, әлем бойынша ең танымал аккаунттар мен көп лүпіл жинаған фотосуреттерді анықтаған болатын.

Инстаграм желісіндегі ең танымал аккаунт жас әнші Селена Гомеске (130 миллион тіркелуші) тиесілі. Одан кейінгі орындарды футболист Криштиану Роналду (116 миллион тіркелуші) мен белгілі әнші Ариана Гранде (115 миллион тіркелуші) иеленді.

Аталған желідегі ең көп лүпіл жинаған 5 суреттің екеуі әнші Бейонсенің (10 және 11 миллион лүпіл) балаларымен түскен фотосуреттері болса, Роналдудың да 2 суреті (11 және 8 миллион лүпіл) дүние есігін жаңа ашқан сәбилерімен түсірілген екен. Ал,  Селена Гоместің ота жасатар алдындағы суреті 10 миллион лүпілмен алғашқы бестікке енді.  

А. Оралқызы