Қолшатырдың жаңа түрі пайда болды

Қолшатырдың жаңа түрі пайда болды
Фото: www.kazbrella.com

Авиация инженері Женан Казим (Jenan Kazim) Казбрелла (KAZbrella) қолшатырын жасап шығару үшін 10 жыл уақытын жұмсаған. Ол 3000 жылдық тарихы бар қарапайым қолшатырдың ең басты мәселесін шешкен. Осыған дейін көптеген инженер осы тарапта жұмыс істесе де, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған еді. Женан Казим қолшатырды жинау кезінде адамдардың су болмауын басты назарға алып, оны керісінше жиналатындай етіп жасаған. Бүгінде Казим құрылғыны ресми патенттеп үлгерді. Түрлі өндіріс орындары казбрелланы мыңдап шығаруда. Бұл қолшатыр қазіргі таңда кеңінен сұранысқа ие. Сонымен қолшатырдың жаңа жетілдірілген түрі қалай жұмыс істейтінін бірге тамашалайық. 

Н. Нұрмаханұлы