- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Сасық көпір" қалай...
"Сасық көпір" қалай "Алтын көпірге" айналды?
Бұл Понте-Веккьо - Флоренцияның ең көне көпірі. Алғашында оның маңынан жағымыз иіс шығып, жанынан тірі жан жүргізбейтін болыпты. Уақыт өте келе бұл көпір суретшілерге шабыт әкелген екен. Қазір "Алтын көпірге" айналды.
XIV ғасыр
Көпір салынғалы заман өзгеріп, тарих жаңғырып отырған екен. Рим империясы құлаған сәттің куәгері болған бұл көпір су тасқынына да төтеп бере білген. Зерттеушілер мына суреттегі (төменнен санағанда үшінші көпір) Понте-Веккьо көпірін 1345 жылы Нери ди Фьораванти (кей деректерде Таддео Гадди делінген) есімді сәулетші салған деседі. Бұл көпірдің ерекшелігі - оның екі жағына да тұрғын үй салынған.
XVI ғасыр
1442 жылы көпір сауда-саттық жолы болып есептелген. Сонымен қатар, көпірдің маңында қасапхана болғандықтан, Понте-Веккьо "Сасық көпір" деп аталған. 1565 жылы қала герцогы Козимо І осы көпір үстіндегі екі үйдің төбесін қосып, дәліз жасауды бұйырған. Үйлердің төбесінде пайда болған дәлізбен герцог резиденциясынан шығып үкімет үйіне барған. Қайықшылардың, өткен-кеткен тұрғындардың көзіне көп көріне бермес үшін осындай шешім қабылдаған екен. Ал 1593 жылы жаңа басшы Фердинанд I көпірдің исінен құтылуды бұйырып, қасапханаларды әшекей бұйым сататын дүкенге айналдырған. Уақыт өте келе "Сасық көпір" "Алтын көпірге" айналған екен.
ХХІ ғасыр
Бұл көпір тарих бетінде алты ғасырлық дерекпен сақталған. Қазіргі таңда Козимо І салдырған үстіңгі дәліз картиналар галереясына айналған, ал әшекей бұйым сататын дүкендер әлі өз жұмысын тоқтатпаған.
Г. Берік