Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / "Сүлеймен Сұлтан" сериалындағы сәнді әшекей бұйымдар

"Сүлеймен Сұлтан" сериалындағы сәнді әшекей бұйымдар

Жақында ғана "Сүлеймен Сұлтан" ("Тамаша ғасыр", "Великолепный век") сериалындағы ханшайымдар мен сұлтандардың салтанатты көйлектері мен киімдерін қарастырған болатынбыз. Сериал тарихи деректерге сүйенбесе де, көрермендерге әдемі декорациялар мен киімдері арқылы есте қалды. Бүгін сериалдағы сұлу ханшайымдардың асыл тасты әшекей бұйымдарын еске алайық.

Гарем ережелері бойынша ондағы әр аруға тұрмысына қажет қаражат, киіміне керек мата және сұлулыққа қажет әшекей бұйымдары тиеселі болатын. Гарем арулары арасында асыл тасты әшекей бұйымдар әркез жоғары бағаланатын. Әшекей бұйымның құндылығы гаремдегі арудың сарайдағы орны, мәртебесінің белгісі болатын.

"Сүлеймен Сұлтан" сериалында алғаш пайда болған кезінде Настяға (келешекте Хюррем) қарапайым ақ металдан жасалынған, маржан тасты әшекей тағады. Ал кейін оған ессіз ғашық болған Сүлеймен лағыл (рубин) тастары бар алтын алқа сыйлайды. Бұл қымбат әшекей бірден Хюрремнің беделін жоғарылатып көрсетеді.

Украшения Хюррем в сериале Великолепный век.

Сериалдағы ең танымал әшекей бұйым – Сүлеймен Сұлтанның Хюрремге сыйлаған зүбаржат (изумруд) жүзігі. Қазір осындай пішінді жүзік қыздар арасында Түркияда үлкен танымалдыққа ие, осындай түрлі жүзіктің қымбат та, арзан да көшірмелері жақсы сатылады.

Перстень с изумрудом из сериала "Великолепный век".

"Сүлеймен Сұлтан" сериалында әшекей бұйымдардың арасында басқа тағылатын диадемалар, тәждарды ерекше атап өту керек. Тарихи деректерден Осман империясының гареміндегі арулар бастарына түрлі метал әшекейлерін тағатыны белгілі, жиі жағдайда олар тәж сыртынан мөлдір жамылғы жабатын.

Головные украшения соперниц Хюррем (Мерьем Узерли) и Фирузе (Джансу Дере)  в сериале "Великолепный век".

Сериалдағы басты қарсылас арулар Хюррем мен Фирузе

Сериалда тәжға үлкен мағына беріледі. Тәж қарапайым әшекей бұйымы ғана емес, ол билік нышаны. Сериалда Хюррем өзінің басымдылығын көрсету үшін бәрінен жасырып тәж жасауға бұйырады. Тәжді әсемдейтін асыл тастарды өзі таңдап, тәждің Валиде ханымның тәжінен биігірек болғанын талап етеді. Осымен, Хюррем өзінің Сүлейменнің ең сүйікті әйелі екендігін байқатып, гаремнің бастығының орнына сай екендігін көрсетеді.

Высокая корона - символ безграничной власти Хюррем в сериале "Великолепный век".

Сериал кейіпкерлері әсем мойыншақ, алқалар, сырға мен сақиналар, білезіктер мен метал белдіктер тағады. Олардың көпшілік алдына шыққан әр бейнесі әшекей бұйымдармен сәнделген. Әрине әшекейлер алтын, күміс, платина металдарына жасалып, гауһар тас, зүбаржат, лағыл, сапфир сынды асыл тастармен көмкерілген. Сериалдағы кейбір әшекей бұйымдар расымен сол кезеңге сай заттар болып табылады. Олардың әсемдігі көптеген ғасырға сақталған.

Драгоценности из сериала "Великолепный век".

Сұлтанның қарындасы Хатидженің рөлін сомдаған Сельма Эргеч кез келген мойынға тағатын алқаны шашына қыстырып, диадема сынды тағатындығын айтты.

Украшения Хатидже (Сельма Эргеч) в сериале "Великолепный век".

Ал сізге "Сүлеймен Сұлтан" сериалындағы қай кейіпкердің әшекей бұйымдары ұнайды?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: trendy-brandy.com

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 қараша 2013, 20:45
Пікірлер
+0
13 қараша 2013, 19:34

Жаксы жаксы

+0
13 қараша 2013, 23:39

Бұл телехикаяны көрмесем де көп еститінмін. Кейін қарап едім бірден костюмдері мен сырға, алқалары ұнап қалды.

+0
14 қараша 2013, 00:26

барлыгыда озинше адеми екен

+0
14 қараша 2013, 01:30

Ана Хюррем хатуынның көзін қараңдарш. Жыланның көзі сияқты. Арбап алады,

+0
14 қараша 2013, 09:33

Эгоист әйелді патшадан жоғары, бәрінен керемет етіп қойған сериал түк ұнамады! Ешқандай тәрбие мәні жоқ.

+0
14 қараша 2013, 09:58

сериалды көргем жоқпын, енді ғана киімдерін, әшекейлерін байқап қарап жатырмын. Басқа тағатын әшекейлері сондай әдемі

+0
14 қараша 2013, 10:03

Мен де сол диадемаларына қызығып жүрем, әдемі ғой иа. Сериал біреудің бизнесін жақсы-ақ жүргізіп кетті ғой. Хюррем патшайым болғасын ба, ерекше әдемілерін тағады ғой

+0
14 қараша 2013, 13:50

хюрремдікі ұнады

+0
14 қараша 2013, 14:16

әшекейлер көздің жауын алардай-ақ әдемі. Бірақ,айттым ғой сериялды көрмегем, елдерше көп естігеніммен. Ал,сіз Сания? Сериялды көрдіңіз бе?

+0
14 қараша 2013, 15:23

Маган Хатидженин койлектери мен ашекейлери унайды

+0
14 қараша 2013, 17:07

Анда-санда көрем :)

+0
17 қараша 2013, 00:04

Хюрремнің фигурасы мен ұстамдылығы ,сұлулығы,өзін өзі ұстауы,әшекей бұймй мен койлегі бәрі ұнайд қызық оны неге ешкім басып оза алмады соңында хюррем мен Сулейманнан бтетін еді го я кино...?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.