Италияның 10 әсем қаласы

Италияның 10 әсем қаласы

Италия елі тек көркем өнерімен ғана емес, сонымен қатар, қаланың тарихи архитектуралық ескерткіштерімен де танымал. Көне заманнан  бері ежелгі сән үлгілері, өнер және мәдениет  үйлері жақсы сақталып қалды. Осыған орай сіздерді тарихи жәдігерлер мен ғимараттарға өте бай Италия қалаларымен таныстырамыз.

Верона

Ағылшын драматургі Шекспирдің атақты трагедиялық пьесасы «Ромео мен Джульеттаның» оқиғасы осы қалада өткендіктен ғашық жұптар үшін Верона өте танымал қала. Сондықтан романтиканы сүйетін ғашықтар үшін таптырмас мекен деуге болады. Тарихи жәдігерлерден көне римдік арена, оратағасырлық ғимараттар, көлемді алаңдар мен ескі шіркеулерді көре аласыздар. 

Венеция

Бұл қала өзен тармағының бойында орналасқан. Транспорт көлігі ретінде жергілікті тұрғындар қайықты пайдаланады. Қала түн уақытында түрлі-түсті түске еніп, бар сұлу келбетін туристерге айқара ашады. 

Болонья

Болонья қаласы білім беру орталығы ретінде белгілі. Себебі  әлемдегі  тұңғыш болып есептелінетін алғашқы университеттің қабырғасы осында салынған. Италия тағамының сан-алуан ас түрлерінен ауыз тиіп қана қоймай, оны өз қолыңызбен дайындау құрметіне де ие бола аласыз. 

Рим

Рим – Италия елінің астанасы. Қала мыңдаған археологиялық ескерткіштерге, ғибадатханаларға, қираған үйінділерге толы. Тарихи орданы толығымен тамашалау үшін бірнеше ай көлемінде уақытыңыз кетеді. Әйгілі ескерткіштерден басқа құпиялы қызықты жерлер өте көп. 

Неаполь

Неаполь үйлесімді архитектурасымен  танымал Еуропаның ең бір тартымды қаласы. Мұнда Италияның  ең дәмді мейрамханалары орналасқан. Қаланың төменгі бөлігінде жерлеу мазарлары мен әскери катакомбалар  бар. 

Флоренция

Леонардо да ВинчиМикеланджелоРафаэльТицианКараваджо секілді даналар шабыт алған Флоренция қаласы өнер сөзімен қатар жүреді. Олардың туындыларын қала мұражайынан еркін тамашалай аласыз. Архитектураның  ескілігі қайта өрлеу дәуірін еске түсіреді. 

Лечче

Бұл қала Италияның басқа қалаларына мүлдем ұқсамайды. Қаланың барлық дерлік нысандары барокко стилінде салынған.  Сіздерге XVI ғасырдағы Конгресс сарайы мен Юпитер амфитеатрына баруға кеңес береміз. 

Лукка

Лукка қаласы өзінің жерге төселген тастарымен, алып сарайлары және шіркеулерімен адамды баурап алады. Ренессанс дәуірінде тұрғызылған қорғаныс қамалдары керемет күйде сақталған. Атағы жер жарған композитор Джакомо Пуччинидің отаны тап осы қала. 

Пиза

Әр келуші мұнда міндетті түрде Пиза мұнарасының алдында суретке түсіп, естелікке алып кетеді. Дегенмен, мұнда сізді қызықтыратын одан басқа да тарихи және мәдени орталықтар көптеп табылады. 

Перуджа

Перуджа - этрустар өркениетінің шын мәнінде болғанын айқындайтын бірден-бір қала. Мұнда этрустардың көне қорымдары мен Умбрияның ұлттық археологиялық мұражайы орын тепкен. Мұражайдан өзіңізді қызықтыратын көне жәдігерлерді таба аласыз. 

Ж. Өрісбай