Фотограф көзімен: Финляндия орманындағы ғажайыптар

Осси Сааринен (Ossi Saarinen) – 23 жастағы финляндиялық танымал фотограф. Ол Финляндия ормандарындағы жабайы табиғатты, түрлі аң-құстарды суретке түсіреді. Осси суреттеріндегі Фин табиғаты мен жануарлары құдды ертегі әлемінде жүргеніңіздей көңіл-күй сыйлайды. 

Назарларыңызға Осси Саариненнің Instagram парақшасына жүктеген Фин елінің қайталанбас, ғажайып суреттерін ұсынамыз.

Финляндия жерінің 4/3 бөлігін ормандар алып жатыр. Көпшілік бұл елді қысы ұзақ болатын ел деп таниды. Бірақ жас фотографтың суреттерін тамашаласаңыз, фин ормандарында тіршілік қайнап жатқанына куә боласыз.