Люк Айкинс адамдардың әуеден парашютсіз де секіруге болатынын дәлелдеп берді (Видео)

Люк Айкинс адамдардың әуеден парашютсіз де секіруге болатынын дәлелдеп берді (Видео)
Фото: poliksal.ru

Америкалық скайдайвер-экстремал Люк Айкинс 7,6 километр биіктіктен парашютсіз секірді. Жеңіл моторлы ұшақпен Калифорния штатының Сими-Вэлли қаласының аспанына көтеріліп, көкейіндегі ұзақ уақыттан бергі сұрақтың жауабын тапқан екен. Мамандардың айтуы бойынша Айкинстің көктен жерге құлағандағы жылдамдығы шамамен сағатына 120 мильдей болады екен. (Секундына 53 метрді артқа тастаған.)

42 жастағы экстремал жер бетіне жетпей арнайы дайындалған 100Х100 футтық торға аман-есен түсіп, тез арада өзінің сүйгеніне қарай бет алған. Ажал мен арман арасындағы бәсекеде өзінің ойлағанын істеген Люк Айкинстің қуанышында шек жоқ. 

B. ZHAQSYMBET