Парашют ашылмай қалған жағдайда...

Парашют ашылмай қалған жағдайда...

Парашют ашылмай қалса, не істеуге болады? 

Нұсқау:

1. Парашютты ашқан кезде ең дұрысы – 1001-1003-ке дейін санау. Егер осы уақыт аралығында парашют ашылмаса немесе ашу кезінде сілкіністі байқасаңыз, онда бір жерінде ақау бар деген сөз.

2. Ақаудың түрін анықтаңыз. Парашюттың матасы айналып кетті ме немесе оның арқан жіптері шатасты ма, соны анықтау қажет. Олқылықтың қайдан туғанын анықтау – мәселенің жарты шешімі.

3. Ақауды ретке келтіре алатыныңызға көз жеткізіңіз. Шатасып кеткен жіпті жеткілікті биіктікте оңай түзетуге болады.

4. Егер сіздің негізгі парашютыңыз ашылмаса, онда қосалқы парашютты ашыңыз.

* Біріншіден, қандай биіктікте тұрғаныңызды тексеріңіз. Егер сіз жерден 300 метр биіктікте тұрсаңыз, жоғарыдағы тәртіпті орындау тым ұзақ уақыт алады. Сол себептен негізгі парашютты қалдырып, қосалқы парашютты ашыңыз.

* Негізгі парашюттың ағытпасын табыңыз. Ол әдетте аспалы сөмкенің оң жағында, кеуде деңгейінде орналасады. 

*  Негізгі парашюттың тартпасын ұстаңыз.

* Қосалқы парашюттың тарпасын табыңыз. Ол әдетте аспалы сөмкенің сол жағында кеуде деңгейінде болады.

* Басыңызды мойныңызға кіргізіп, шалқайыңыз.

* Негізгі парашюттың ағытпасын бар күшіңізбен тартып қалыңыз.

* Одан кейінгі жолда қосалқы парашюттың ағытпасын тартыңыз. Мұны негізгі парашюттан құтылған жағдайда ғана сізге кедергі келтірмеуі үшін жасау керек. Парашюттың ағытпасын қатты тартыңыз. 

Егер парашютке қатысты кей дүниелерді түсінбесеңіз, міндетті түрде нұсқаушыдан сұрап алыңыз. 

Ұқсас жазба:

Егер қабаған итке жолықсаңыз...

Егер сүйіктіңізді қуантқыңыз келсе... (Видео)

 Сурет: wikihow.com

Н. Нұрмаханұлы