Жердегі ең алып гүл гүлдеді
![Жердегі ең алып гүл гүлдеді](/userdata/news/news_39587/image_l.jpg)
Фото:
jornalopainel.com.br
Бельгияда ғаламшардағы ең алып гүл гүлдеді. Оны қызықтағысы келетіндер гүлдің небары 72 сағат гүлдейтінін білуі тиіс.
Мейзе қаласындағы ботаникалық бақ аумағында ғаламшардағы алып гүл гүлдеді. Оның атауы – Алып аморфофаллус (Amorphophallus titanum). Гүлдің биіктігі – 1,9 м, ал салмағы – 18 келі. Негізі оның ұзындығы – 2,5 м, ал ені – 1,5 метрге дейін жетуі мүмкін.
Amorphophallus titanum гүлі бес-он жылда бір рет қана небары 72 сағатқа гүлдейді. Алайда одан өлген балықтың иісіне ұқсас жағымсыз иіс шығады.
Дереккөз: inform.kz
Г. Берік