Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Гүл отырғыза білесіз бе?

Гүл отырғыза білесіз бе?

Гүл отырғыза білесіз бе?

Қазір әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусым. Жаз мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Гүл құпиясы туралы әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі әңгімемізде гүлдерді қалай егу керектігі туралы айтамыз. 

Кез келген өсімдікті, әсіресе гүлді отырғызбас бұрын, топырақты дайындап алу керек. Сіздің аулаңыздың  жері құнарлы болмаса, күз мезгілінде белгілеген аймағыңызға қорда сеуіп қойғаныңыз дұрыс. Олардың бойында ылғалдықпен қоса, нәрлендіретін заттар болғандықтан, бірте-бірте топыраққа еніп, құнарландырады.

Сосын шұңқыр қазып алу керек. Одан кейін, шұңқырға аздаған жылы су құйып, өсімдікті отырғызыңыз, шұңқырға топырақ түсіріп, айналасын нығыздап жабыңыз. Шұңқырдың ішіне топырақты құрғату үшін аздаған ірі құм тастарды тастасаңыз болады. Оған қоса, көң салсаңыз, гүліңіз тез және сәнді болып өседі.

Гүлдердің түрлері де маңызды рөл атқаратынын есіңізге саламыз. Сондықтан, гүл отырғызбас бұрын, олардың түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін біліп алғаныңыз жөн. 

Пиязтектес өсімдіктерді бір-біріне жақындатып егуге болмайды. Олардың арақашықтығы кем дегенде бір түйнек сиятындай, ал шұңқырдың тереңдігі үш бірдей түйнектің диаметріндей болуы керек. Мамандар отырғызу рәсімін кешкі сағат төрттерде жасаған дұрыс дейді. ­Өйткені осы уақытта күннің беті қайтатындықтан, өсімдіктердің жаңа ортаға бейімделуі оңайырақ болады.

Гүлдерді қалай-солай отырғызуға болмайды. Алдын ала жоспарлап барып еккеніңіз жөн. Гүліңіз ұзақ уақыт жайқалып тұрсын десеңіз, әр уақытта бүр ататын гүлдерді таңдаңыз. Пиязтектес өсімдіктер тез жайқалып, кең таралып өсе шығады.

Тамырдың айналасынан немесе өсімдіктің түйнегінің жанынан шамалы ор қазып, шашты бірге көміп қойсаңыз, зиянкестермен күресу оңайға түспек. Сондай-ақ, шаштар гүлдерді қосымша минералдармен қоректендіреді екен.

Көп қабатты үйде тұратын болсаңыз, балконыңыз кішігірім бақшаңыздың орнын басады. Ол үшін арнайы қыш немесе пластмас құмыраларды дайындап алып, жоғарыдағы әдістерді пайдалануға болады.

Жаз мезгілі  – демалысқа шығатын маусым. Сіз демалысқа өзге қалаға кететін болсаңыз, гүлдерге қарайтын адам керек. Ал жаздың аптапты ыстық күндерінде гүлдеріңіз жиі суаруды қажет етеді. Сондықтан гүлдерді отырғызбас бұрын, алдын ала жақсылап ойланып алуыңызға кеңес береміз.

Іске сәт, алдағы маусымда жайқалған гүлдермен бірге көңіл-күйіңіз де көтеріңікі болсын!

сурет: miloserdie.ru, kakpravilno.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

24146 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 мамыр 2012, 10:24
Пікірлер
+0
02 мамыр 2012, 10:43

Бір құрбым гүл отырғызудың шебері, гүлдердің түр-түрін жатқа айтады. Мына кеңестерді оқыған соң, сол құрбыммен гүл турасындағы білімімді сынға түсіруге болады :D :D

+0
02 мамыр 2012, 11:19

Гүл отырғызуды сондааааай жақсы көремін!

+0
03 мамыр 2012, 12:33

Отырғызу деп қазағым басқа нәрсені - сүндетке отырғызу, дәретке, абақтыға отырғызуды айтушы еді. Гүлге қатысты егу деген дұрыс болар.

+0
03 мамыр 2012, 12:43

ағаш отырғызу деген ше? )

+0
03 мамыр 2012, 13:06

Ол да орысша "сажать дерево" дегеннің сөзбе-сөз аудармасы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...