Велосипед жүргізушілеріне арналған қолғаптың жаңа түрі

Велосипед жүргізушілеріне арналған қолғаптың жаңа түрі
Фото: novate.ru
Адам өмірі басты құндылық болғандықтан, кез келген келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында ғалымдар көптеген жаңа дүниелер ойлап тауып жатыр. Бұл өмірде пендеге қаншама жақсы жағдай жасалғанымен, олардың зиянды тұстары кездеседі. Соның бірі велосипед айдайтын жүргізушілерге арналған бұрылыс көрсеткіші бар колғап. Жаңа бұйым шайтан арбаны тізгіндеген жанның әрекетін көрсетіп, артында келе жатқан көлік жүргізушісіне дабыл береді. Мамандар айтуынша, арнайы спорттық қолғап өмірі қауіпсіздігіне зор септігін тигізеді. 
 

Қазіргі уақытта велеосипед сүйгіштер саны артқандықтан, түрлі жаңа заттар да көбейіп жатқанын білесіздер. Соның қатарынан енді ыңғайлы әрі қауіпсіз "beSEEN" аталатын қолғапты да кездестіруге болады. beSEEN бұрылыс көрсеткіші бар құрылғыны қуаттау үшін арнайы қуаттандыру орны немесе компьютер болса жеткілікті. 


Бұрылыс көрсеткіші бар қолғап жауын күндері, қыстың суық мезгілінде қолыңызды тоңдырмайды. Сонымен қатарғ рөліңізді ыңғайлы ұстауға да көмектеседі. Мұның қалай жұмыс істейтінін төмендегі бейнеролик арқылы біле аласыз. 

B. ZHAQSYMBET