Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірілді

Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірілді
Фото: tainy.net

Қытайлық дәрігер Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірді. Бұл жаңалықты Антарктиданы зерттеу жөнінен Қытай мемлекеттік орталығының ғалымы Юй Ваньсянь мәлім етті.

Оның айтуынша, елдің Цзянси провинциясынан шығып, қытайлық экспедиция құрамында мұзды құрлыққа келген Ван Чжэн атты дәрігер қарап отырмай, мұнда жеміс-жидек өсіріп шығарыпты. Енді осының арқасында экспедиция мүшелері жеміс-жидекпен де тамақтанатын болады, - деп хабарлайды 24.kz. 

Мұзды құрлыққа тамақ тек сырттан жеткізілетін болғандықтан жеміс-жидек пен көкөніс атаулының бәрі мұнда тапшы және жеңсік ас болып саналады. Сондай-ақ суық ауа райына байланысты мұнда әдеттегідей үш емес, күніне 4-5 рет тамақтану керек екен. Енді Ван Чжэн өсірген жеміс-жидек пен көкөніс мұндағы қытайлық экспедицияның Антарктидада бұрынғыдан ұзағырақ уақытқа қалып, «азық-түлік таусылып қалады» деп алаңдамастан жұмысын жалғастыруына жол ашады, - деп жазады cri.cn.

Дереккөз: inform.kz

О. Сансызбай