8 шаршы метрді құрайтын керемет үй (видео)

8 шаршы метрді құрайтын керемет үй (видео)
Фото: www.pixable.com

Тұрғын үй жетіспеушілігі немесе оның аумағы тарлығы талайлардың басындағы басты мәселе. Алайда кейбір адамдар кішкентай үйдің өзінде де жайлы өмір сүреді. Бұлай деуімізге аумағы 8 м² шағын пәтерде тұрып жатқан мына Париждік бойжеткен себеп болды. Ол кішкене ғана пәтеріне керек заттың бәрін сыйғыза білген. Кітап оқуға да, жатып демалуға да, тамақ пісіруге де ыңғайлы. Киім-кешектеріне де жетерлік орын қалған. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар. Видеода ол өзі тұрып жатқан үйімен таныстырады.

Ж. Исакаев