29 шаршы метр жерге үй сала аласыз ба?

29 шаршы метр жерге үй сала аласыз ба?

Үйдің кеңдігі кімнің болса да көңілінен шығады. Ал шағын үй ыңғайлылығымен, жайлылығымен ерекше. Алақандай жерге шағын үй салу да - өнер. Токиода орналасқан бұл екі қабатты үй сізді таңғалдырары анық. Ұтымды сәулет өнері - Mizuishi Architect Atelier жапон сәулет студиясының туындысы. Аса үлкен аумақты алмайтын шағын үйдің иелерінің қуаныштарында шек жоқ.

Жер аумағы – 52,14 шаршы метр болғанымен, 29 шаршы метр жерге үй құрылысы бой көтерген. Үйдің сыртқы келбеті кемеге ұқсайды.

Үйдің қожайындары ұлтарақтай жерге мынадай үй тұрғызудың қиынға соққанын айтады. Үйдің ерекшелігі сол – жол мен өзеннің ортасында орналасқан.

Күннің нұры үйдің үш терезесі арқылы сәуле беріп, кішкене ғана үйді кең қылып көрсетеді.

Үйдің иелері төбесін балаларға арнап бөлме етіпті. Дегенмен, жұмыс кабинеті мен жатын бөлме үшін де таптырмайтын орын.

Үйдің ішкі көрінісінің, өздеріңіз көріп отырғандай, түстері үндестік тапқан, ерекше сәнге ие. Жер шарының тырнақтай бөлігінде орын тепкен бұл үйге әлем көз тігіп отыр екен.

Сурет: mixstuff.ru, bienes.ru

Е. Жұмабайұлы