Корридадағы ең үздік матадорлар (Видео)

Корридадағы ең үздік матадорлар (Видео)
Фото: sayanytour.kz

18 ғасырдан бері бастау алып келе жатқан коррида спорты бүгінгі таңда Испания елінің ұлттық спортына айналды. Қызыл құмда матадорлар мен өгіздердің арасындағы өмір мен өлім арасындағы шайқасын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен келіп тамашалаушы жұрттың санында есеп жоқ. Қауіпті спорттың түріне айналса да, қала жұртшылығы бұл спорттан бас тартқан емес. Керісінше шынайы көрініс пен матадорлардың ептілігін көріп ләззат алушылар өмірлеріндегі ең қызықты демалыс ретінде санайды. Сонымен назарларыңызға осы бір қауіпті спортта өгіздерді өзіне бағындырған ең күшті матадорлардың видеоролигін ұсынамыз. 

B. ZHAQSYMBET