Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Испанияда талай қызық бар

Испанияда талай қызық бар

Испанияда талай қызық бар

Испания - туристер арасындағы аса танымал әрі өте көп сұранысқа ие елдердің бірі. Әлем халықтарының жүрегін оп-оңай жаулап алып жүрген елдің ерекшелігі неде? Ойыңызға бірден көненің көзі саналатын мәдени ескерткіштер мен атақты Барселона қаласы түсті. Алайда, Испанияда сіз естіп-білмеген талай қызықтар бар, елдегі ежелгі дәстүрлер мен көрікті мекендердің өзі бір бөлек әңгіме.

Испания - Еуропаның ең таулы мекені саналады, ал оның астанасы Мадрид - Еуропаның 1ең биік" қаласы. Тағы бір айта кетерлігі, Мадрид елдің қақ ортасынан орын тепкен. Сондай-ақ Испанияның Еуропа шекарасында иеліктері бар екендігін біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Олар: Канар аралдары мен Африка құрлығындағы Сеут және Мелилья қалалары.



Жалпы халық саны - 46 млн. адам. Оның 95%-ы - католиктер. Испан халқы өте діншіл болып келгенімен, біржынысты некелер тіркелгендігі таң қалдырады.

Испания күнді ғашық еткен мекендердің бірі. Бұлай дейтініміз, мұнда бір жылдың 280 күні толықтай күншуақты болып тұрады. Бұл жағдай туристер үшін өте қолайлы болғанымен, испандық фермерлер құрғақшылықпен күрестен зардап шегіп жатады. Еуропадағы жалғыз шөл - Табернас Альмерия провинцисындағы Андалусия жерінде жатыр. Табернас шөлі Испанияның да ең құрғақ жері болып тіркелген.

Испаниядағы жағажайлардың жалпы саны - 200, ал жағалаулық сызықтың ұзындығы 4964 шақырым.

Әлемдегі ең көп аумақты алып жатқан  Санта Мария де ла Седе (1402-1519 гг.) шіркеуінің қожайындары да испандықтар. Оның ұзындығы - 123,2 м, ені - 82,6 м. Әлемдегі ең кішкентай шіркеу Санта-Исабель-де-Унгрия-ин-Коломарес Малага қаласынан бой көтерген. Бұл ғимараттың ішкі ауданы бар болғаны 1,96 шаршы метр.

Кадис - Андалусияның батысында орналасқан өте көне қала. Ол Испанияның ғана емес, Еуропаның ең ескі, тіпті, ең ежелгі қаласы ретінде танылған. Тарихшылар қаланың б.з.д. 1110 жылдары бой көтергенін айтып отыр. Және де заманауи Кадистің орнында финдық қалашықтың болғандығы туралы деректер де жоқ емес.

Еуропаның ең үлкен гольф-клубы Санта Клара Испанияның Коста-дель-Соль атты қаласында екен. Негізінен Коста-дель-Соль "гольф қаласы" (Коста дель Гольф) деп аталып жатады. Өйткені, мұнда Еуропадағы ең көп гольф-алаңдар ұйымдастырылған, шамамен 40-тан астам гольф-алаңдары жұмыс істейді.

Экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Испания экономикасы 9-шы орында тұр. Ал ондағы банк жүйесі Еуроаймақта ең үздік деп танылып отыр.

Испаниядағы ең танымал спорт түрі - футбол. 2010, 2012 жылдары Испанияның футболдан әлем чемпионатын жеңіп алғандығын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Футбол фанаттары арасында кең танылған «Оле-оле!» ұраны үшін Испанияға қарыздармыз. Ерте кездерде бұл сөз коррида, фламенко ойындарында айтылған. Онан кейінгі орындарда теннис пен гольф ойындары тұр.

Испания шарап өндіру бойынша үшінші орында тұр(бірінші орында Франция, екінші орында Италия). Олар елдің әрбір ауданында жасалады. Шараптың маркасына өндірілген орны міндетті түрде көрсетіледі. Әлем бойынша өндірілетін зәйтүн майының 44%-ы Испанияның еншісінде.

Мемлекетте жануарлардың саны көп болғандығымен, ең көп кездесетіні жарғанаттар екен. Жарғанат - Валенсияның нышаны. 

Испанияның әрбір облысы, әрбір ауданы бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Асханасы, салт-дәстүрі, тіпті, тілі де басқаша келеді. Мәселен, басктер тілі (Испанияның солтүстігінде тұратын халық сөйлейді) ешбір тілдік топқа кірмейді. Бұл тілді американдықтар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде құпия хабарламаларды жеткізу үшін пайдаланған.

"Испания" атауының шығуы туралы бірнеше тұжырымдар бар. Фин тілінен аударғанда "қояндар елі" деген мағынаны білдіреді.

Эль Каминито дель Рей - әлемдегі ең қауіпті жалғыз аяқ жаяу жол.  Оның екінші атауы - Кішкентай патшалық  өткел.

 


Соңғы 15 жыл бойы Испания донорлық ауысым бойынша бірінші орында тұр. Әрбір дүниеге келген испандық автоматты түрде донор болып шыға келеді. Мемлекет медицинасында Трансплантология да жақсы дамыған.

Испандықтар ұзақ өмір сүреді: мұндағы орташа өмір сүру жасы - 79. Ал әйелдер арасындағы орташа жас - 87. Бұл Еуропа елдеріндегі ең үлкен көрсеткіш. Әрбір испандықтың екі фамилиясы бар: әкесінің және шешесінің.

Испанияда кешкі ас үшін қалыпты уақыт кешкі сағат 9 бен 10-ның арасы болса, олар сағат таңғы бесте оянады. Бұл уақытта қаладағы барлық кафелер ашық болады, испандықтардың көпшілігі таңертең міндетті түрде кофе ішеді. Мектеп оқушылары, мектеп жасына дейінгі оқушылар түнгі сағат 2-ге дейін қыдырып жүре алады, себебі, күндіз күн қатты ыстық болғандықтан серуендеу мүмкін емес. Түнгі тіршілік өте қызу жүріп жатады: жастар футбол ойнайды, саябақта серуендейді, иттерін серуендетеді және т.б. Испаниядағы күннің ұзақтығы туристерге өте қолайлы. Олар бір күннің ішінде өздері ойлағаннан да көп нәрсені көріп, біліп үлегере алады.

Испандықтар өте эмоционалды келеді, сондықтан олар сөйлесу кезінде бір-біріне өте жақын тұрады және қолдарын ұстасады. Испандықтардың мұндай әрекетіне таңырқап жүрмеңіз.

Испандықтардың ең қызықты дәстүрі - таңғы асты үйден ішпеу. Және де дастархандарында соғыс, коррида, Франнсиско Франко диктатордың билік еткен кезеңін айтуға тиым салынған. Жалпы, мейрамханалар мен барлардығ кофеханалардың саны жөнінен Еуропа бойынша бірінші орында тұр. Мұндай мекемелердің саны - 350 мың.

Халық дәмді тағамдарды тоя жегенді қатты ұнатады және тағамды өте сапалы дайындайды. Егер аспазға сый көрсетіп, рақмет айтқыңыз келсе, қосымша тамақ сұраңыз. Испандық асхананың күллі әлемге танымал өкілдері - гаспаччо суық сорпасы, палауға ұқсас келетін паэлья тағамы, тортилья омлеті, тапас тіске басары дер едік. Және этохамон тағамы да үлкен құрметке ие.

Еуропаға қызанақ, картоп, авокадо, табак, какаоны алып келген де осы испандықтар саналады. Банан өсірілетін Еуропадағы жалғыз мемлекеттің Испания екендігі тағы бар.

Испандықтар өте көңілді әрі жылы шырайлы халық. Егер сіз  адасып қалсаңыз кез келген испандық қолының бос еместігіне қарамастан міндетті түрде көмектесе алады.

Біздің халыққа жақсы таныс "Бүгінгі істі ертеңге қалдырма", "Еріншектің ертеңі бітпес" деген аталы сөздер исандықтар үшін мүлде жат. Олар "қашан?" деген жиі қойылатын сұраққа "Маняна" деп жауап береді. "Маняна" - "ертең" деген мағынаны білдіреді. Бұл олардың өте қасиетті және жақсы көретін сөздері саналады.

 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12114 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 18:02
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 17:13

Испандықпын-ау дейм осы. Ертең менің жақсы көретін сөзім еді. Құдай қаласа, бір айдан соң Барселонаға да жол тартамыз

+0
06 маусым 2013, 18:43

3- арманым ғой испания

+0
06 маусым 2013, 21:29

ммэээ апарыңдаршыыы

+0
17 желтоқсан 2013, 03:53

керемет екен 1 барып қайтсам ғо ;) ;) ;)

+0
17 желтоқсан 2013, 03:53

барлык қалаға барып қайтсам ғо ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...