Қытайда салынып жатқан метро станциясы жер астына опырылып түсті

Қытайда салынып жатқан метро станциясы жер астына опырылып түсті
Фото: www.youtube.com

Қытайдың Дунгуань қаласында (Гуандун провинциясы) салынып жатқан метро станциясы жер астына опырылып түсті.

Куәгерлер 13 тамыз, бейсенбі күні шамамен сағат 10:00-да оқиғаны видеоға түсіріп, интернетке салған,— деп хабарлайды Lenta.ru.

The South China Morning Post ақпаратына сәйкес бастапқы орнатылған конструкциялар сәрсенбіде 12 тамыз күні қираған. Ол жөндеу жұмыстары кезінде қайта опырылған екен. Оқиға салдарынан жалпы аумағы шамамен 80 шаршы метрді құраған қирау аумағы 300 шаршы метрге дейін ұлғайыпты.

Ecns.cn мәліметінше, бір жұмысшы қаза тапқан. 

Дереккөз: nur.kz

Н. Нұрмаханұлы