Фотограф қаңғыбас адамдарды суретке түсіріп жүріп өз әкесін тауып алды

Фотограф қаңғыбас адамдарды суретке түсіріп жүріп өз әкесін тауып алды
Фото: http://www.boredpanda.com/

Диана Ким (Diana Kim) Мауи аралында бой жетті. Оның әкесі фотограф болғандықтан ол ең алғаш рет фотоға  түсіру шеберлігін әкесінен үйренген. Өкінішке орай кейіннен оның ата-анасы айырылысып, Ким туған-туысқандарымен, достарымен бірге тұра бастайды. Осылайша әкесі мен қызының арасы қақ бөлінеді. Ким 2003 жылдан бастап, үй-күйі жоқ кезбелерді суретке түсіру жобасын қолға алады. Ал 2012 жылы ол таңғажайып оқиғаға тап болады. Ол Гонолулуда қаңғыбас адамдарды суретке түсіріп жүрген кезінде өз әкесін кездейсоқ жолықтырған.

Ким NBC News теле арнасына берген сұхбатында: — Мен әкемді күндіз-түні іздедім. Мен әкемді жолықтырамын деп үміттеніп жүргенімде оны көшенің бір бұрышында тұрғанын көрдім. Ол шизофрения ауруына шалдыққан. Ол сол қалпы емделмей қалып кетті. Көшеде әкем біреу-міреумен ұрысып жатқан сияқты болады. Алайда, жан-жағында ешкім болмайды. 

Ким уақыты келе әкесіне азық-түлік әкеліп, емделуін сұраған. Бірақ, әкесі емделуге 2014 жылы жүрек талмасын алғаннан кейін ғана келіседі. Бүгіндері Кимнің әкесінің жағдайы бір қалыпты. Ол уақытылы ем қабылдап, тіпті жұмыс істеуге ниеттеніп жүр екен. Әкесі Солтүстік Кореядағы жанұясына баруды жоспарлап жатқан көрінеді.

2014 жыл 4 шілде

2014 жыл 5 маусым

2014 жыл 10 қазан

2014 жыл желтоқсан айы

Диана Ким әкесімен бірге, 2015 жыл

2015 жыл 17 шілде

Н. Нұрмаханұлы