Сотталған жануарлар болғанын білесіз бе?

Сотталған жануарлар болғанын білесіз бе?

Әлемде сотталған жануарлар болғанын естуіңіз бар ма? Еуропа елдерінде адамдардың арасында еркін жүретін болғандықтан, ең жиі сотталған жануарлар шошқалар болған екен.

1864 жылы Словенияда қыздың құлақтарын кеміріп жеген шошқа өлім жазасына кесілген. Шошқаның иесі мүгедек болған қызға келешекте тұрмысқа шыға алуы үшін ақша беріп тұруға мәжбүр болған.

1712 жылы аустралиялықты тістеп алған ит соттың шешімімен 1 жыл бойы азапталған.

1314 жылы Францияның Мойси ауылында мүйіздерімен адамның қарнын жаралаған бұқа асылып өлтірілген.

Швецарияда екі қарақшы итімен бірге тұрғындардың жолын торып, тонаған. Ит солардың біреуін өлтіреді. Қылмыскерлер ұсталып түрмеге қамалады, ал ит өлім жазасына кесілген. 

1864 жылы Германия соты адамды шағып өлтірген бір топ араны түтінмен өлтіруге шешім қабылдаған.

Дереккөз: balalaralemi.kz 

сурет: econet.ru

Е. Қайрахан