Үйіңізге қандай декор таңдайсыз?

Үйіңізге қандай декор таңдайсыз?

Сіз бетоннан жасалған ыдыстар декоры жайында естідіңіз бе? Алессия Гиардино (Alessia Giardino) есімді дизайнер бетонның тек құрылыс материалы ғана емес, сонымен қатар үйді сәндейтін декор екенін дәлелдеп отыр. Concrete Tableware сериясымен жасалған бетон ыдыстарды тіпті ас үй бөлмесінде, кәдімгі ыдыстар ретінде пайдалануға да болады екен. 

Concrete Tableware — бұл түрлі жазық модульді пішімдегі ыдыстар. Бұл ыдыстарды декор ретінде, ыдыс ретінде немесе эксклюзивті өнер туындысын бағаласаңыз, қабырғаға іліп те пайдалана беруіңізге болады. 

Егер сіз ас үйіңізді немесе қонақ бөлмеңізді сәндеп, толықтырғыңыз келсе, осы қыш ыдыстар арқылы безендірген жөн. Және бұл ыдыстар түрлі пішімде жасалған.

Мейлінше суреті анық, бір қараған адамға түсінікті суреттерді емес, түрлі түспен боялған, абстрактылы салынған суретті таңдаған абзал. Мәселен, акварель бояуы төгілген немесе адам миының суреті бұлыңғырлана түскен суреттерді таңдауыңызға болады. 

Күнделікті өмірде біздің көңіл-күйіміздің көтеріңкі не төмен болуы түрлі ұсақ-түйекке байланысты болуы мүмкін. Ал осындай кішігірім нәрселер көңілді жадыратары анық.

Сурет: djournal.com.ua

Н. Айдархан