Тіл туралы қызықты деректер

Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан. Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, олардың биологиялық сәйкестіктері  расталған. Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі оқшауланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты ғана сөйлейді. Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады. Дағыстан елінің таулы аймағына өмір сүретін Арчи жұртының әр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді. Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың  2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен. Бостван халқы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі. Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады. Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады. Лингвистика профессоры Марк Окранд  «
Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.

Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады. Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі. Ең ұзақ әліпби 72 әріптен құралған. Ол – кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.

Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар сөйлейтін тіл. (Мысалы: егіздер) Барлық ұлтта өзіне тән тіл екпіндері  (акцент) болады, соған сәйкес мылқау адамдардың да өздерінің тілдік екпіндері бар.  

Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді. Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек. Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/51S3ivpBF4I#t","width":"450","height":"350"});

Оқи отырыңыз: 

Обама жайлы 30 дерек

Техно жайлы қызықты деректер

Географиядағы қызықты деректер

Қасқырлар туралы қызықты деректер

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.clipart.net.ua