• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Техно жайлы қызықты деректер

Техно жайлы қызықты деректер
XXI ғасыр техника мен ғылымның нағыз дамыған кезі. Күннен күнге жаңа технологиялар мен техниканың сан алуан түрлері қолданысқа еніп, адам баласының өмірін мейлінше жеңілдететінін сіз бен біз жақсы білеміз. Күнделікті пайдаланып жүрген техникалық құрылғылар жайлы қызықты деректер топтамасын сізге ұсынғалы отырмыз. Ұялы телефондардағы "блютуз" бен аудио күйтабақтың дыбыс ұзақтығы неге осындай екенін білгіңіз келсе, компьютер мониторларынан алыстамаңыздар. 

 Bluetooth атауының тарихы

 Қазіргі заманауи ұялы телефондардағы Bluetooth технологиясының көмегімен біздер ақпаратпен алмасып, бірнеше құрылғыларды өзара жалғай аламыз. Ал технология атауы X ғасырда жан-жаққа тарап кеткен тайпалардың басын біріктірген Дания королі I Харальд Синезубскийдің құрметіне қойылған екен. Король секілді Bluetooth технологиясы байланыс протоколдарын да біріктірер деген үмітпен ойластырылған болатын. Бұл іс сәл дегеніне жете алмаған сияқты. Қандай болғанда да, "көк тістің" ақпарат алмасудағы ыңғайлығы мен қолданыстағы жеңілдігі үшін көптеген мобильді құрылғыларға орнатылып келеді. "Көк тіс" жайлы сәл ақпарат болса да біліп алдыңыздар деген ойдамыз.

 Компакт-дискінің аудио ұзақтығын қалай таңдаған?

 Philips компаниясының жариялаған ресми деректеріне сенсек, дисктің сыйымдылығын жапондық өнертапқыштар былай таңдаған екен. Sony компаниясының вице-президенті Бетховеннің тоғызыншы симфониясын қатты ұнататын, сондықтан да бастықтың көңілін көтеру мақсатында өнертапқыштар дисктің ішіне әйгілі композитордың туындысын сыйдырмақшы болып, дисктің сыйымдылығын осылай таңдаған екен.  

Бірақ, дисктің пайда болуына аянбай еңбек етіп, үлестерін қосқан инженерлер мұның өтірік екенін алға тартып отыр. Диаметрі 12 см болатын компакт-дисктің өлшемі мен аудио ұзақтығы - Philips пен Sony компанияларының арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болған дүние. Ал Бетховен туралы аңызды маркетингтік қадам ретінде кейін ойдан шығарып алған болатын. Естеріңізге сала кетейік, аудио компакт-дисктің ұзақтығы 80 минутқа тең.

Морзе әліпбиін ойлап тапқан кім?

 Қазіргі сымды байланыстың негізін құрған Морзе әліпбиі туралы қызықты дерек сіздерге қызық болар деген сеніммен, мына бір ақпаратты назарларыңызға ұсынбақшымыз. Бәрімізге таныс Морзе әліпбиін Морзе емес, неміс инженері Рерке ойлап тауып, қолданысқа енгізген болатын. Морзе әліпбиінің бастапқы түпнұсқасы қолданыста ыңғайсыз болғанымен, АҚШ-тың кейбір темір жолдарында тіпті 1960 жылдарға дейін қолданылған екен.

Cурет: http://muzey-factov.ru