Мырзағали Айтжанов боксшы кезінде қалай жұдырықтасқан?

Мырзағали Айтжанов боксшы кезінде қалай жұдырықтасқан?
Фото: ҚБФ

Ғаламторда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың боксшы кезіндегі жекпе-жектерінің видеосы жарияланды. 

Мырзағали Құланұлы 2009 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырып келеді. Қазақстандық боксшылардың халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жетістіктері - білікті маман еңбегінің жемісі. Жаттықтырушы шәкірттерінің арасында әлемдік аренада топ жарған Еркебұлан Шынәлиев, Біржан Жақыпов және Қайрат Ерәлиев секілді боксшылар бар. 

Мырзағали Айтжанов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы ол КСРО жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған. 

О. Сансызбай