Батыр Жүкембаев қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

О Сансызбай Корреспондент
Батыр Жүкембаев қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді
Фото ©️ Eye of the Tiger management

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда мексикалық боксшы Ноэ Нуньеспен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.  

БӨЛІСУ

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа ғана жоспарланған еді. Әйтсе де бар болғаны 35 секундқа ғана созылды.

Батыр қарсыласын нокдаунға түсірді. Қайта тұрғанмен, қазақстандық боксшының қарқынына төтеп бере алған жоқ.

26 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісін тойлады. Оның 10-да қарсыласын нокаутпен ұтты. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастаған отандасымыз барлық кездесулерінде жеңіске жетіп келеді. Нақтырақ айтсақ, 14 жекпе-жек өткізген. Алғашқы екі кездесуінің нәтижесі есепке алынбаған. 

Монреальдағы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Абылайхан Хұсайнов та кезекті кездесуіне шықты. Ол мексикалық боксшымен 8 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті. Бұл кездесу – Абылайханның кәсіпқой бокстағы 8-ші жекпе-жегі болатын.