Тәуелсіздікпен тел өскен спортшылар

Тәуелсіздікпен тел өскен спортшылар
Фото: confederation.kz, sports.kz, vesti.kz

Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толды. Қазақстанның өзге елдермен иық тірестіре түрлі жетістікке жетіп, белестерді бағындыруы — тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Алғаш еліміз егемендікке қол жеткізген жылы туған сәбилер де тәуелсіздіктің құрдасы атанып, 24 жасқа толды. Міне, бүгін де өздерінің туған жылдарын осы қасиетті ұлық мерекемен байланыстырып, мақтанатын жастарымыз да жетерлік. Олардың қатарында ел іші мен жаһандық жарыстарда топ жарып, төрткүл дүниеге Тәуелсіз Қазақстанды танытып жүрген спорт саңлақтары да бар. Бүгін, айтулы мереке қарсаңында Тәуелсіздікпен тел өскен спортшыларымызды оқырман назарына ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Расул Қалиев

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы

Туған жылы: 16.06.1991 ж.

Спорт түрі:  Еркін күрес

Жетістіктері: Азия чемпионы, Инчхондағы Азия ойындары мен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Гүлісхан Нақбаева

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы 

Туған жылы: 09.12.1991 ж.

Спорт түрі: Шахмат

Жетістіктері: Қазақстаның бірнеше дүркін чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы. Әлемдегі ең мықты 100 шахматшының бірі.

Ольга Сафронова

Туған жері: Қарағанды

Туған жылы: 05.10.1991 ж.

Спорт түрі: жеңіл атлетика

Жетістіктері: 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарында үш медаль иеленді. 200 метр жүгіруден алтын, 4х100 эстафета бойына күміс және 100 метрге жүгіруден қола медаль иегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Лондон Олимпиадасына қатысқан. 2015 жылы Уханьда (Қытай) өткен Азия чемпионатында 200 метрге жүгіруден күміс медаль иеленді.

Феруза Ергешова

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы

Туған жылы: 17.11.1991 ж. 

Спорт түрі: Таэквондо

Жетістіктері: Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, М.Өзтүрік, Б.Түлкиев және С.Төлендиевті еске түсіруге арналған халықаралық жарыстардың жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы. Бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.

Бауыржан Тұрысбек

Туған жері: Алматы облысы

Туған жылы: 15.10.1991 ж. 

Спорт түрі: футбол

Жетістіктері: Премьер-лигада Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойнайды. Оған дейін «Сұңқар», «Спартак Семей» және Сербияның «Раднички» клубтарының сапында өнер көрсеткен.

Ислам Бозбаев

Туған жері: Қарағанды облысы, Темір­тау қаласы

Туған жылы: 11.06.1991 ж.

Спорт түрі: Дзюдо

Жетістіктері: Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Жапонияда өткен «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері. Лондон Олимпиадасына қатысушы.

Данияр Елеусінов

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы

Туған жылы: 13.03.1991 ж.

Спорт түрі:  Бокс

Жетістіктері: Әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындары мен Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Лондон Олимпиадасына қатысушы.

Н. Үсенова