Ең көп гол соққан қақпашы мансабын аяқтады

Ең көп гол соққан қақпашы мансабын аяқтады
Фото: soccer-calcio.at.ua

Футбол тарихында ең көп гол соққан әйгілі бразилиялық қақпашы Рожерио Сени спорттық мансабын аяқтады. «Сан-Паулу» сапындағы соңғы ойынын «Гояс» клубына қарсы өткізді.

Бразилиялық қақпашы футбол тарихында өз есімін қалдырып үлгерген тұлғалардың бірі. Рожерио секілді ешбір қақпашы спорттық мансабында 131 гол соқпаған. Тіпті кей шабуылшылардың көрсеткішінің өзі бұл статистикамен «санаса» алмайды. Стандартты жағдайлардың саңлағына айналған қақпашы спорттық мансабында ешқандай клуб ауыстырмай «Сан-Паулу» сапында ойнады. 1256 ресми кездесуге қатысқан.

Бразилиялық қақпашы клуб сапында үш рет Бразилия чемпионы атағын, екі рет Либертадорес кубогын, бір рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен аяқтады. Ал ұлттық құрама сапында 16 ойын өткізіп, 2002 жылы әлем чемпионы атанды.

О. Сансызбай