Жансай Смағұлов жарыс жолын аяқтады

Жансай Смағұлов жарыс жолын аяқтады
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Нәтижесінде жарысты екінші айналымда аяқтады.

73 килоға дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз бірінші кездесуінде армян спортшысы Фердинанд Карапетянды ұтқан. Алайда екінші кездесуінде канадалық Артур Маргелидонға жол беріп алды.

Айта кетейік, осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов (- 60 кило) қола жүлдегер атанған еді. Ал Галбадрах Отгонцэцэг пен Ерлан Серікжанов жүлделі орынға іліге алмаған-ды.

Н. Үсенова