Ерлан Серікжанов екінші айналымнан аса алмады

Ерлан Серікжанов екінші айналымнан аса алмады
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарындағы белдесуін аяқтады. Отандасымыз екінші айналымда италиялық Мануэль Ломбардоға есе жіберді.

66 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерлан Серікжанов әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған қарсыласынан айласын асыра алмады. Негізгі уақыттың аяқталуына 12 секунд қалғанда Мануэль Ломбардо "ваззари" ұпайын еншілеп, отандасымых жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, Ерлан Серікжанов бірінші белдесуінде әзербайжандық Орхан Сафаровты ұтқан еді.

Н. Үсенова