Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады

Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады
Фото: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шыға алмады. Өз тобында 6-орыннан көрініп, жүлде жолындағы таласты тоқтатты.

Аталған қашықтықты қазақстандық спортшы 59,75 секундта жүзіп шықты. Бұл келесі кезеңге шығуына мүмкіндік бермеді.

Дмитрий 27 шілде күні 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатысады. Дәл осы қашықтықта 2016 жылы Риода алтын алған болатын.

 

Н. Үсенова