Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.
"Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы - деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді. Желіде Айдос Ербосынұлының нокаутқа түскен сәтінің видеосы пайда болды. Сондай-ақ, кейінірек Айдос Ербосынұлының комаға түсуіне кім кінәлі екені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!