Айдос Ербосынұлының комаға түсуіне кім кінәлі екені айтылды
Фото: ©boxingscene.com

Айдос Ербосынұлының комаға түсуіне кім кінәлі екені айтылды

Америкалық сайт Boxingnews24.com кубалық Давид Моррел мен Айдос Ербосынұлы арасында жекпе-жекті ұйымдастырған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) үлкен қате жасағанын ашық жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Міндетті қорғау үшін чемпионға мықты және үлкен жекпе-жекке дайын қарсылас табу керек болғаны да айтылды. 

"30 жастағы қазақстандық Ербосынұлы бәсекелесуге қабілетсіз болды, әсіресе кейінгі раундтарда. Моррелге қарсы Айдостың қолының жылдамдығы да, бокстағы дағыдысы да жетпеді. Бір жақты өткен жекпе-жекті алаңдап отырып көрдік", - делінген жазбада. 

Сондай-ақ басылым бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Ербосынұлын Леннокс Алленді жеңгеннен кейін WBA титулына міндетті қарсылас еткенін, бірақ ары қарай ешқандай көмек көрсетпегенін жазған.

"Айдостың жеті жылдық карьерасында Аллен жалғыз ғана белгілі боксшы, оның өзінде атақты емес. 

WBA Моррелге қарсы дайын, мықты қарсылас таңдау керек еді. Өйткені жекпе-жекке дейін де Ербосынұлы чемпионмен бір санатта емес екені айқын болды", - деп жазған сайт. 

Еске салайық, Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова