Париж Олимпиадасында жүлде алған боксшылар қанша миллион сыйақы алады?

Париж Олимпиадасында жүлде алған боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы көлемі анықталды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.

Сондай-ақ жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құрама жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

🔹1-орын: 220 000 $ (98 миллион теңге)
🔹2-орын: 120 000 $ (53,6 миллион теңге)
🔹3-орын: 70 000 $ (31,3 миллион теңге)
🔹4-орын: 30 000 $ (13,4 миллион теңге)
🔹5-орын: 10 000 $ (4,4 миллион теңге)
🔹6-орын: 3000 $ (1,3 миллион теңге)

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Айта кетейік, бұл Қазақстан бокс федерациясы тағайындаған арнайы жүлде.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!