Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалардың ең «арзан» ойыншылары

Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалардың ең «арзан» ойыншылары
Фото: ua-football.com

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Бір айға созылатын додаға алғаш рет 24 құрама қатысқалы жатыр. Францияның 10 қаласында өтетін доданың ойындары да қызықты болмақ. Ал біз футбол тойы басталғанша, қызықты ақпараттар ұсынуды жөн санап отырмыз. Олай болса Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалардың құрамындағы құны ең «арзан» ойыншылар туралы біле отырыңыздар.

Өз құрамасындағы трансферлік құны ең «арзан» ойыншылардың қатарына Алматының «Қайратында» ойнайтын Анатолий Тимощук те енген. Оның трансферлік құны 200 000 евроға бағаланған. Одан өзге өз құрамасындағы арзан ойыншылардың қатарында әйгілі қақпашы Джанлуиджи Буффон да бар екен.

1. Франция — Патрис Эвра — 1.000.000€
2. Германия — Лукас Подольски — 8.000.000€
3. Испания — Ариц Адурис — 3.000.000€
4. Италия — Джанлуиджи Буффон — 2.000.000€
5. Бельгия — Жан-Франсуа Жилле — 400.000€
6. Португалия — Рикарду Карвалью — 500.000€
7. Ресей— Сергей Игнашевич — 200.000€
8. Украина — Анатолий Тимощук — 200.000€
9. Хорватия — Гордон Шильденфельд — 1.500.000€
10. Польша — Якуб Вавжиняк — 350.000€
11. Австрия — Дьёрдь Гарич — 750.000€
12. Албания — Оргес Шехи — 125.000€
13. Англия — Том Хитон — 3.000.000€
14. Венгрия — Габор Кирай — 250.000€
15. Ирландия — Шей Гивен — 500.000€
16. Исландия — Ингвар Йонссон — 100.000€
17. Румыния — Лучан Сынмэртян — 300.000€
18. Солтүстік Ирландия — Рой Кэрролл — 150.000€
19. Словакия — Ян Дюрица — 250.000€
20. Түркия — Эмре Мор — 100.000€
21. Уэльс — Оуайн Фон Уильямс — 250.000€
22. Чехия — Роман Губник — 400.000€
23. Швейцария — Стив фон Берген — 1.000.000€
24. Швеция — Патрик Карлгрен — 800.000€

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты бүгін түнде басталады. Алғашқы ойын Франция мен Румыния құрамалары арасында өтеді. Сондай-ақ massaget.kz сайты дүбірлі додаға байланысты болжамдар бәйгесін де жариялады.  

О. Сансызбай