Болжам жаса да, жеңімпаз атан!

Болжам жаса да, жеңімпаз атан!
Фото: massaget.kz

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді Франция жерінде өтетін футболдан Еуропа чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Оқырмандар сұранысы бойынша ұйымдастырылып отырған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндігіңіз бар. Сіздерді сыйлықтар күтеді.

Бәйге ережелері: 

Өту кезеңі: 10 маусым мен 10 шілде аралығы, яғни Еуропа чемпионатының өту уақыты.

1. Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні  өтетін кездесулер жайлы ақпараттар мен сараптамалық-шолулар беріліп отырады. Барлық қатысушылар «Массагет бәйгесі» деп жарияланған мақала соңына өз болжамдарын пікір ретінде қалдырады. Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелулеріңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. 

Ескерту: Арнайы ашылған "Массагет бәйгесі" деп басталатын материалдарға ғана жазылған болжамдар есептелетін болады. Бір қатысушы бір ғана болжам жасай алады. Екі болжам жасаған жағдайда нәтижесі есепке алынбайды.

2. Үздік болжамдар рейтингі күн сайын қорытындыланып шығып тұрады. Рейтингті мына сілтеме арқылы, болмаса "Лайфстайл - Спорт - Еуро-2016-Бәйгеге қатысушылар рейтингі" осылай көре аласыздар. Рейтинг уақытында, кейде кешігіп шығуы мүмкін екендігін алдын ала ескертеміз.

3. Берілген ақпараттағы ойынға болжам қалдыру сол күні өтетін алғашқы ойынға 10 минут қалғанда тоқтатылады. Одан кейінгі түскен болжамдар есепке алынбайды. Мысалы, бір күнде үш ойын өтетін болып, оның алғашқысы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталатын болса, сіз үш ойынға да сағат 18:50-ге дейін болжам жасап үлгеруіңіз қажет. Одан кейінгі екі ойынға "әлі басталмады ғой" деп жасаған болжамдарыңыз есепке алынбайды. (Жарыс барысында ережеге қатысушылар сұранысы бойынша түзету енгізіп, үш ойынды қатар емес, өтетін ойынның басталуына 5 минут қалғанға дейін болжам жасауына мүмкіндік бердік)

Ескерту: ойындарға болжам жасау тек Астана уақытымен қабылданады.

4. Болжамдар кездесудің негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана қабылданады.

5. Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. Өзге әлеуметтік желілер мен өзге ақпарат соңындағы болжамдар қабылданбайтынын ескертеміз. Сондай-ақ жарыс басындағы аты-жөндеріңізді өзгертпеуге, өзге қаріпке ауыстырмауға кеңес береміз. Өзгерткен жағдайда жаңа қатысушы ретінде жүйеге еніп кететін болады.

6. Бір күнде үш ойын өтетін болса, барлығын бірге қосып, бір пікір ретінде қалдырыңыздар.

7. Қатысушылардың белсенділігі мен санына байланысты топтық кезеңнен кейін жаңа ережелер (үздік 50 қатысушы жарысты жалғастыруы мүмкін дегендей) енгізілуі мүмкін. Қандай да бір сұрақтар болса massaget.kz сайтының тілшілері Ернар Алмабек, Бауыржан Жақсымбет пен Өмірбек Сансызбайдың жеке профильдеріне хабарлама қалдыра аласыздар.

8. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Болжамдар қалай есепке алынады:

Кездесу

Қатысушы болжамы

Нақты нәтиже

Ұпай

Ұпай есептеу әдістері

 

Италия – Швеция

 

 

 

2:1

 

 

 

2:1

 

   

 

3

3 ұпай – кездесудің жеңімпазын және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Чехия - Хорватия

   

 

0:0

 

0:0

 

3

3 ұпай – кездесу тең аяқталып және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Исландия - Венгрия

 

1:1

 

2:2

 

2

2 ұпай – кездесу тең аяқталып, бірақ нақты есеп сәйкес келмеген жағдайда;

 

Испания - Түркия

 

3:1

 

2:0

 

2

2 ұпай – кездесудің жеңімпазы мен доп айырмашылығын анықтаған жағдайда;

 

Албания - Швейцария

 

2:3

 

1:3

 

1

1 ұпай – тек кездесудің жеңімпазын анықтаған жағдайда;

 

Ресей - Уэльс

 

1:0

 

 

0:1

 

 

0

 

0 ұпай – ешбір болжам сәйкес келмеген жағдайда;

Егер бәйге жеңімпаздарының ұпайы жарыс қорытындысында тең болған жағдайда, олар 1 мен 20 аралығындағы кез келген бір санды өздері таңдап, ол жөнінде сайт әкімшілігін хабардар етуі тиіс. Одан соң бәйгені ұйымдастырушылар randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдаумен анықтайтын болады. 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталады. Ол сыйлықты әзірге құпия сақтауды жөн санап отырмыз. Үздік ондыққа кіргендер үшін қосымша сыйлықтар да қарастырылған.

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (727) 388 81 22 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыз.

Сонымен бүгін, 10 маусым күні Франция - Румыния кездесуімен болжамдар бәйгесін бастайтын боламыз. Қатысыңыздар! Достарыңызды шақырыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

Ө. Сансызбай