Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

***

♦ Гепардтар үй мысықтары сияқты мияулайды;

♦ Ұзындығы 6400 шақырым Амазонка өзенінің үстінен бірде-бір көпір салынбаған;

♦ LEGO әлемдегі кез келген дөңгелек өндіретін компаниялардан да көп дөңгелек шығарады;

♦ Эфиопияда қолданылатын күнтізбе жалпы қабылданған күнтізбелерден 7 жыл артта қалады. Сондықтан бұл елдің халқы әлі де 2014 жылда өмір сүріп жатыр;

♦ Әр ананастың өсіп, пісуіне шамамен 2 жыл қажет;

♦ Адидас пен Пуманың негізін қалаушылар ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер болды. Екі компанияның Германиядағы штаб-пәтері көршілес ғимараттарда қатар орналасқан;

♦ Жердегі барлық құмырсқалардың жалпы салмағы планетадағы барлық адамдардың салмағынан ауыр;

♦ Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел;

♦ Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған;

♦ Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар;

♦ Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан;

♦ Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады;

♦ Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды;

♦ Піл –  4 тізесі бар жалғыз жануар;

♦ Нобель сыйлығының иегері Нильс Бор мен оның ағасы белгілі математик Харальд Бор футболшы болған. Тіпті Харальд Бор Данияның құрама командасында ойнап, 1905 жылғы Олимпиадада екінші орын алған;

♦ Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.

Т. Раушанұлы