Әлемде талай қызық бар: таңғалдыратын 15 дерек

Әлемде талай қызық бар: таңғалдыратын 15 дерек

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

***

Америка Құрама Штаттарында 1913 жылға дейін ата-аналар балаларын әжесінің үйіне пошта арқылы жібере алған;

Гиннестің рекордтар кітабына енген ең қысқа соғыс 1896 жылы 27 тамызда Ұлыбритания мен Занзибар сұлтандығы арасында болды. Бұл соғыс 38 минутқа созылды;

Адам орташа өмірінің екі аптасын бағдаршамның жасыл түсі жанғанша күтіп өткізеді;

Гипопотам сүті қызғылт түсті;

Суық мезгілде адам тырнағы екі есе тез өседі;

Алма пюресі – ғарышкерлер ғарышта тұтынған алғашқы тағам;

Алып пандалар күніне шамамен 12,7 келі бамбук тұтынады.  Демек олардың әрбірі жылына 5 тоннадан астам бамбук жейді;

Жержаңғақ – динамит жасау үшін қажетті ингредиенттердің бірі;

Мысық тәтті нәрсенің дәмін тата алмайды;

Кенгуру артқа қарай жүре алмайды;

Теңіз мысықтары ырғақты сезіне алады. Олар – шапалақ ұратын жалғыз жануарлар;

Ұйықтағанда иіс сезе алмайсыз,  тіпті жағымсыз иісті де;

Үйректерден қорқу – "анатидатефобия" деп аталады;

 Ешкінің көз қарашығы тік бұрышты;

Құстар ғарышта өмір сүре алмайды. Себебі оларға тамақ жеуі үшін тартылыс күші қажет.

Т. Раушанұлы