Жозе Моуринью айта алмайтын құпия

Жозе Моуринью айта алмайтын құпия
Фото: Sportbox

Португалдық танымал жаттықтырушы Жозе Моуринью жаңа жұмыс тапты. Маман алдағы уақытта beIN SPORTS арнасында сарапшы болады.

Жозе соңғы рет ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубын жаттықтырды. Оның бұл қызметінен кету себебін спортсүйер қауым егжей-тегжейлі білмесе де, жобалап топшылайды. Ақиқатын клуб басшылығы мен жаттықтырушы ғана білері анық. Ал бұл құпияны ашуға Жозенің құқығы жоқ. Айта алмайтын құпия.

Жаттықтырушының әр сөзін "Манчестер Юнайтед" клубының заңгерлері бақылауда ұстайды. Жозе бапкер өзара келісімді бұзбауы тиіс. Бұзған жағдайда келісім бойынша шара қолданарлары анық. Нендей айып екені де құпия.

Жозе Моуринью теларнадағы жұмысын Азия кубогы ойындарындағы Сауд Арабиясы және Катар ойындары, қосымша "Арсенал" - "Челси" командалары кездесуіне сараптама жасаудан бастайды.

О. Сансызбай