Қанаттың қолтаңбасы бар бокс қолғабын ұтып ал!

Қанаттың қолтаңбасы бар бокс қолғабын ұтып ал!
Фото: massaget.kz

18 ақпан күні таңда қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – бразилиялық боксшы Робсон Ассис.

«Қазақ» деген лақап атпен танымал отандасымыздың жекпе-жегін барша жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүргені жасырын емес. Осы орайда оқырман қауым үшін қызықты әрі естелік ретінде ерекше бәйге ұйымдастыруды жоспарладық. Бәйгеде жеңіске жеткен оқырман Қанат Исламның қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын жеңіп алады. Ол үшін төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жекпе-жекке дәл болжам жасасаңыз болғаны. Олай болса қатысушыларға іске сәт дейміз.

1. Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін қай елдің боксшысына қарсы өткізді?

2. Қанат Ислам 2016 жылы қанша жекпе-жек өткізді?

3. Қанат Қытай елінің атынан шаршы алаңға шығып жүргенде қандай есіммен (қытай тілінің дыбысталуына байланысты) танылды?

4. Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінің көпшілігін қай елде өткізген?

5. Боксшы кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінде ең көп рет қай раундта жеңіске жеткен?

6. Қанат Ислам – Робсон Ассис кездесуіне болжамыңыз (кім жеңеді, қай раундта аяқталады)

Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы 3 ұпаймен есептеледі. Ал дұрыс болжамға 5 ұпай беріледі. Байқауға қатысушылар сұрақтардың жауаптарын өзгелерден құпия сақтаймын десеңіздер мына сілтеме арқылы өтіп, Өмірбек Сансызбайдың жеке профиліне қалдыра аласыздар. Ал жекпе-жекке болжамды төмендегі пікір алаңына қалдыруларыңыз міндетті. Құпия сақтамайтын болсаңыз, төмендегі пікір алаңына жазылған жауаптар мен болжамдар да есепке алынатынын ескерте кетеміз. Сайтқа тіркелу туралы ақпаратты мына сілтемеден көре аласыздар. Өзге әлеуметтік желілердегі жауаптар есепке алынбайды. Бәйге уақыты 18 ақпан күні Астана уақытымен сағат таңғы 06:00-де тоқтатылады. Одан кейін жарияланған сұрақ жауаптары мен болжамдар қабылданбайды. Бәйгеге қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ескерту. Егер бәйге жеңімпаздарының ұпайы жарыс қорытындысында тең болған жағдайда, олар 1 мен 20 аралығындағы кез келген бір санды өздері таңдап, ол жөнінде сайт әкімшілігін хабардар етуі тиіс. Одан соң бәйгені ұйымдастырушылар randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдаумен анықтайтын болады. Жеңімпаз сайттың "Instagram" желісінде парақшасында тікелей эфирде кезінде анықталатын болады. 

Керек дерек

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 23-ші жекпе-жегін өткізеді. Ал қарсыласы Робсон Ассис мансабындағы 20-шы кездесуіне шығады. Бразилиялық осы уақытқа дейін өткізген 19 кездесуінде 3 рет жеңіліп, 16-да жеңіске жеткен. 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы бастаған.

Қанат Ислам шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде Рой Джонс (кішісі) Бобби Ганнмен жұдырықтасады.

Қанат пен Робсонның жекпе-жегін «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан 18 ақпан күні, Астана уақытымен сағат 07:55-те тамашалай аласыздар.

О. Сансызбай