Massaget.kz сайтына қалай тіркелуге болады?

Massaget.kz сайтына қалай тіркелуге болады?
Фото: Archive.is

Құрметті оқырмандар!

Сіздер үшін Massaget.kz сайты барлық жағынан көмектесуге дайын. Дегемен көпшілік қауым, оқушылар мен студенттер "қалай тіркелу керек екенін білмейміз" деп жиі айтады. Осы сұрақтарыңызды ескере отырып, жауап ретінде тіркелу жолын ұсынып отырмыз.

Ең бірінші, сайттың оң жақ бағанындағы "тіркелу" батырмасын басыңыз

"Тіркелу" батырмасын басқанда дәл осындай терезе ашылады. 

– "E-mail" деген бағанға өзіңіздің күнделікті қолданып жүрген поштаңызды немесе жаңадан электронды адрес жазып тіркеле аласыз;

– "Кілт сөз" бағанына өзіңіз ғана білетін құпия сандар немесе кілт сөздер ойлап табыңыз және оны ұмытып қалмаңыз. Сіздің сайтқа кіргендегі кілт сөзіңіз сол болып қалады;

– "Кілт сөзді қайталаңыз" бағанына жаңа ғана өзіңіз ойлап тапқан кілт сөзді қайта енгізіңіз. Бұл қателеспегеніңізге көз жеткізу үшін керек;

– Басқа қосымша бағандарды өзіңіздің жеке басыңызға байланысты толтырасыз;

– "Қауіпсіздік кодын енгізіңіз" деген бағанға экранда көрсетіліп тұрған сандарды не жазуларды теріп жазыңыз және "тіркелу" батырмасын басыңыз.

Барлық әрекеттерді орындап болғаннан кейін "Кіру" батырмасын басыңыз.

Бұл терезеде сіз жоғарыда атап кеткен "E-mail" адресіңіз бен кілт сөзіңізді тересіз. Содан соң "Кіру" батырмасын басыңыз.

Аталған әрекеттерді дұрыс орындағаннан кейін сіздің өз терезеңіз ашылады.

"Массагетке" қош келдіңіз!

М. Ақан