Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты
Фото: goal.com

Мадридтік "Реалдың" португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы нәтижелі пастарының көрсеткіші бойынша рекорд жаңартты. Ол түнде өткен "Наполиге" қарсы ойында өзінің 31-ші нәтижелі пасын берді.

Криштану Роналду италиялық клубқа қарсы ойында гол соқпағанмен, соққы бағыттау бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Ал Тони Кроссқа берген пасы нәтижелі шықты. Қорытындысында 30 нәтижелі паспен рекорд иегері болып тұрған Райан Гиггзді басып озды.

Нәтижелі пас бойынша үздік 5 футболшы:

1. Криштиану Роналду (31)
2. Райан Гиггз (30)
3. Лионель Месси (24)
4-5 Месут Озил (22)
4-5 Златан Ибрагимович (22) 

Айта кетейік, түнде өткен ойында "Реал" неапольдық клубты 3:1 есебімен ұтқан болатын. Қос команда арасындағы қарымта 7 наурыз күні түнде өтеді.

О. Сансызбай