Месси – үздік, Суарес – үздік гол авторы (видео)

Месси – үздік, Суарес – үздік гол авторы (видео)
Фото: eurocups-uefa.ru

Чемпиондар лигасының V турының қорытындысы бойынша каталондық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси үздік ойыншы болып танылды. Ал бұл турдағы үздік голды Луис Суарес соққан. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отыр.

Римдік «Ромаға» қарсы Лионель Месси жарақатынан кейінгі екінші ойынын өткізді. Бір нәтижелі пас беріп, екі гол соқты. Ал каталондық клубтың уругвайлық шабуылшысы Луис Суарестің cоққан екінші голы үздік болып саналды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының V турында «Барселона» өз алаңында римдік «Романы» ойсырата жеңген болатын. 

Н. Үсенова