«Барселона» «Реал» рекордын жаңартты

«Барселона» «Реал» рекордын жаңартты
Фото: vk.com

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің V турында каталондық «Барселона» өз алаңы «Камп Ноуда» Римнің «Рома» футбол клубын 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде еурокубокта ең көп гол соққан команда ретінде рекорд тіркеді.

Сенбі күні мадридтік «Реалды» ірі есеппен жеңген блауграна Чемпиондар лигасында да аянып қалмады. Луис Суарес пен Лионель Месси дубль авторы атанса, Пике мен Адриано бір-бір голдан еншілеріне жазды. Ал Неймар мен «Рома» шабуылшысы Эдин Джеко пенальти орындай алмады. Десе де Джеко соңғы минутта бір гол соғып, Каталониядан нөлдік есеппен қайтпады.

«Барселона» италиялық ұжымды ірі есеппен жеңудің нәтижесінде еурокубоктағы голдар саны бойынша мадридтік «Реалды» басып озды. «Корольдік клуб» еурокубокта 1026 гол соқса, каталондық ұжым басты қарсыластарынан 4 голға ұзап кетіп отыр. Сондай-ақ «Барселона» италиялық клубты аса ірі есеппен жеңген алғашқы испандық ұжым да атанып отыр.

Чемпиондар лигасының V турының бірінші күніндегі ойындар нәтижесі:

«Е» тобы

«Барселона» (Испания) – «Рома» (Италия) 6-1

Голдар: Суарес 15, 44, Месси 18, 60, Пике 56, Адриано 77 – Джеко 90+1

«БАТЭ» (Беларусь) – «Байер» (Германия) 1-1

Голдар: Гордейчук 2 – Мехмеди 68

«F» тобы

«Бавария» (Германия) – «Олимпиакос» (Грекия) 4-0

Голдар: Д. Коста 6, Левандовский 16, Мюллер 20, Коман 69

Алаңнан қуылды: Бадштубер

«Арсенал» (Англия) – «Динамо Загреб» (Хорватия) 3-0

Голдар: Озил 29, А.Санчес 33,69

«G» тобы

«Маккаби Тель-Авив» (Израиль) – «Челси» (Англия) 0-4

Голдар: Кэйхилл 20, Виллиан 73, Оскар 77, Зума 90+1

Алаңнан қуылды: Бен Хаим 41

«Порту» (Португалия) – «Динамо Киев» (Украина) 0-2

Голдар: Ярмоленко 35 пен, Гонсалес 64

«Н» тобы

«Зенит» (Ресей) – «Валенсия» (Испания) 2-0

Голдар: Шатов 15, Дзюба 74

Алаңнан қуылды: Везу Р 80

«Лион» (Франция) – «Гент» (Бельгия) 1-2

Голдар: Ферри 7 – Милицевич 32, Кулибали 90+5

Н. Үсенова