Коста-Рика құрамасының бапкері күзетшіден таяқ жеді (видео)

Коста-Рика құрамасының бапкері күзетшіден таяқ жеді (видео)
Фото: eurosport.ru

Футболдан Коста-Рика құрамасының бас бапкері Пауло Ванчопе ойын кезінде алаңдағы күзетшілердің бірімен төбелесіп қалды. Бұл туралы «The Independent» мәлімдеді.

Бапкер мен күзетші арасындағы керіс 2016 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі Панама мен Коста-Рика құрамалары (23 жасқа дейінгі) арасындағы ойында орын алды. Пауло Ванчопе бас қазы шешімімен келіспей, трибунадан түсе бергенде, күзетшілердің бірі тоқтатады. Жұдырық ала жүгірген бапкер мен күзетші арасындағы қақтығысты стадион қызметкерлері әрең ажыратқан. 

О. Сансызбай